$ 524.75  540.6  5.12
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жаттықтырушым да семіздерді ұнатпайды»: Түсіпбаева тағы да көпшіліктің ашуын туғызды

«Жеңілтектік пен мақтаншақтықтан арылуға кеңес беремін» деп жауап қатты оқырмандардың бірі

«Жаттықтырушым да семіздерді ұнатпайды»: Түсіпбаева тағы да көпшіліктің ашуын туғызды
Фото: Инстаграмнан скрин

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі парақшасында спорт залына барған сәтінен бейнежазба жариялады. Ол жеке жаттықтырушысын таныстырып, оның да семіздерді ұнатпайтынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін де әнші «семіз» адамдарды ұнатпайтынын айтып пост жариялап, басы дауға қалған еді.

«Мен өзім жаңа жылда 5 килограммға семірдім, міне. Менің тренерімнің аты да Меруерт, бұл кісіде семіздерді ұнатпайды», - деді әнші.

Көпшілік бұл сөздер толық адамдардың намысына тиетінін жазды.

«Меруерт, біріншіден «семіздерді» деген сөзді «толықтар» деп өзгертсеңіз. Толықтардың да әртүрлі себебі болады. Гормон мәселесі, тағысын тағы. Екіншіден, сізге ұнау – мәртебе емес. Ұнамау да үлкен қасірет емес. Сіз кімсіз, бүкіл адамдарды топқа бөлетін. «Әу» деп ән салатын қазақтың әйелдерінің бірісіз. Мәдениетті өзіңізден бастаңыз... Англияда ма, есімде қалмапты, «Ей, ей» деп едіреңдеп  тұрған видеоңды көріп, таң қалғанмын. Осыдан бірнеше жыл бұрын. «Жасым елуден асса да дене мүшем қыздай» дегеніңізді де оқып қалғанмын. Жеңілтектік пен мақтаншақтықтан арылуға кеңес беремін. Сосын орысша мен қазақшасы былапыттамай тілді таза сөйлеуге үйрен», - деп жазды оқырмандардың бірі.

Серіктес жаңалықтары