08.01.2025, 12:56
Жаңалықтар
Жарты жылдай уақыт бұрын жоғалып кеткен ер адам Жайық өзеніне көлігімен бірге батып кеткен
Оқиға Индер ауданындағы Жайық өзенінде болды
Фото: t.me/HALYQSTAN
Атырау облысында жарты жылдай іздеуде жүрген ер адам көлігімен бірге суға батып кеткені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Индер ауданындағы Жайық өзенінде болды. Осыған қатысты Атырау облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
«7 қаңтар күні Индер ауданы Елтай ауылына жақын жердегі Жайық өзенінен автокөліктің дөңгелегін байқаған тұрғын құзырлы органдарға хабарлаған. Автокөлік ішінен 1971 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды. Айта кетейік, аталған ер адам 2024 жылдың тамыз айында із-түссіз жоғалған тұлға ретінде іздеуге жарияланған. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жәйі тексеріліп жатыр», - делінген облыстық ПД хабарламасында.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты