08.01.2025, 11:39
Жаңалықтар
Калашников, мылтық, граната: «Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған қанша қару табылды
«Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған қару-жарақтарды іздеу жүргізілді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция былтыр прокуратура органдарымен бірлесіп, қару-жарақтарды, оның ішінде «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланғандарды іздеу және заңсыз айналымнан алу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іздеу нәтижесінде қарудың қайта айналымының 7 арнасы, сатудың 7 ішкі арнасы және оны жасайтын жасырын 4 цех жойылды.
58 Калашников автоматы, 283 мылтық, 164 тапанша, 115 граната және әртүрлі калибрдегі 15 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.
Қарудың заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
