06.01.2025, 22:37
Жаңалықтар
ТЖМ су тасқыны болуы мүмкін учаскелерде мониторинг жүргізуде
Ескі бөгеттер нығайтылып, жаңалары салынып жатыр
Фото: ҚР ТЖМ
ҚР ТЖМ су тасқыны болуы мүмкін учаскелерде мониторинг жүргізуде. Өңірлерде жалпы ұзындығы 478 шақырым қорғаныс бөгеттері салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ел бойынша жергілікті атқарушы органдар су тасқынына қарсы 1200-ден астам іс-шараны іске асырды.
Мәселен өңірлерде 478 шақырым қорғаныс бөгеттері тұрғызылды, жөнделді және нығайтылды. 125 шақырым дренаждық жүйеле жөнделді. Автомобиль және темір жолдардың астына 837 су өткізу құрылыстары орнатылды және ауыстырылды. 219 шақырым канал мен 334 шақырым арық салынды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
