$ 524.75  540.6  5.12
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қателігіміз міне осыда»: Ләйлә Сұлтанқызы ер мен әйелдің жіберетін кемшіліктерін айтты

Ол көпшілікке ақылын айтты

«Қателігіміз міне осыда»: Ләйлә Сұлтанқызы ер мен әйелдің жіберетін кемшіліктерін айтты
Фото: YouTube/DIN DINA SHOW/Видеодан скрин

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынаста жіберілетін кемшіліктер туралы ой қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ләйлә Сұлтанқызы өз сөзінде ашуланып тұрған адамға сөз қайтару жағдайды тіптен ушықтырып жіберетінін қозғап өтті.

«Біз сөйлеспейміз, ішіміздегіні айтпаймыз. Қателігіміз міне осыда. Менің тактикам – тыныш тұра тұру, эмоцияға салынбау. Түсінемін, ауыр, 5 минут ауыр болуы мүмкін. Жаныңды жеп жібереді, сүйектен өтіп кетеді. Бірақ ол адамның мінезін білсең, сәл шыдай тұр. 5 минуттан кейін басылған соң жайбарақат айтуға болады», - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, тележүргізуші сұхбат барысында бірнеше жыл бұрын әзілкеш Нұрболхан Шараповпен соттасқанына өкінетінін қозғап өтті.

Серіктес жаңалықтары