Шарбақты ауданының әкімдігі студенттерге тиесілі 418 га жерді кәсіпкерлерге заңсыз беріп жібермек болған
Бұл жер студенттер жұмыс тәжірибесін өткізеді
Павлодар облысында Шарбақты ауданының әкімдігі студенттерге тиесілі 418 га жерді кәсіпкерлерге заңсыз беріп жібермек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратураның мәліметінше, 2014 жылы Шарбақты ауданының әкімдігінің қаулысымен аграрлы-техникалық колледжге жақын орналасқан ауданы 418 гектар жер телімі тұрақты пайдалануға берілген.
Студенттердің кәсіптік біліктілігін арттыру мақсатында осы жер телімінде жұмыс тәжірибесі өткізіледі.
Бірақ, 10 жыл өткеннен кейін аудан әкімдігімен ауыл шаруашылық тауарөндірушілерге жер телімін беру үшін бұрын қабылданған қаулыны жою туралы шешім қабылданған.
«Осы көрсетілген жел телімінің орнына оқушыларға үнемі жүріп-тұруға қолайсыз, білім беру мекемесінен 10 км қашықтықта басқа жер телімін беру жоспарланған.
Сонымен, осы және басқа да заң негіздемелеріне сәйкес ЖАО-ның заңға қайшы шешімі жойылды, колледжге тиесілі жер телімі қайтарылды», - делінген хабарламада.