СҚО-да 25 жастағы жүргізуші екі зейнеткерді қағып кетті
Оқиға 5 қаңтар күні кешкі уақытта болды
Петропавлда жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі зейнеткерді қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Social Media-ға сілтеме жасап.
Оқиға 5 қаңтар күні сағат 20:35 шамасында Абай-Алтынсарин көшелерінің қиылысында болған.
Audi көлігінің 25 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. Екі әйел де жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан.
Зардап шеккендердің бірі 62 жастағы К. санының сүйегі сынып, ауруханаға жеткізілді. Оқиға кезінде аяғының сүйегі сынған 69 жастағы Б. қазір дәрігерлердің бақылауында. Дәрігерлердің айтуынша, облыс орталығының екі тұрғынының да жағдайы орташа ауыр.
Полиция қызметкерлері бұл факті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.