05.01.2025, 15:52
Жаңалықтар
Мал іздеуге шыққан үш адам көлігімен Балқаш көліне түсіп кетті: бір адам көз жұмды (ВИДЕО)
Оқиға Балқаш көлінде түнгі уақытта болды
Фото: Видеодан скриншот
Қарағанды облысында көлікпен мал іздеуге шыққан үш адам мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, қайғылы оқиға түнгі уақытта Ақтоғай ауданында Балқаш көлінде Гүлшат пен Тасарал ауылдарының арасында болған. Мал іздеу барысында үш ер адам көлікпен мұз астына түсіп кетті.
«Екі адам өздігінен шығып, аман қалды. Үшінші азаматтың денесін құтқарушылар іздеп тапты. Бүгін таңертең су астынан 1988 жылы туған ер адамның денесі шығарылды», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті