31.12.2024, 14:05
Жаңалықтар
Жаңажыл, Сыйлық, Шырша: Қазақстанда есімі қызық қанша адам бар
Қазақстанда биылғы ТОП-3 есім жарияланды
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда Жаңажыл деген есімі бар 13 адам, Сыйлық деген аты бар 12 адам, сол сияқты Шырша есімді бір адам бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық статистика бюросы мереке қарсаңында арнайы мерекенің құрметіне орай есімі қызық адамдар туралы ақпарат таратты.
Data Hub Қазақстанда биылғы ТОП-3 есімді жариялады. Олар:
- Ұл балаларда: Әлихан, Мұхаммед және Арсен;
- Қыз балаларда: Айлин, Айша, Медина.
Бір жыл ішінде Қазақстанда Мұхаммед есімді 3616 сәби, 2708 Әлихан және 1356 Арсен өмірге келді.
Сол сияқты биыл 5547 қыз балаға Айлин есімі қойылса, Медина есімді сәбилердің саны – 5389, Айша – 4472.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді