31.12.2024, 13:46
Жаңалықтар
Шымкентте мас адам жоғарғы қабаттан секіріп, суицид жасамақ болды (ВИДЕО)
Құтқару сәті бірнеше минутқа ғана созылды
Фото: istockphoto.com
Шымкентте суицид жасамақ болған ер адамды құтқару сәті учаскелік полицейлердің бейнежетонына түсірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға мереке қарсаңында, өткен түнде болған. Куәгер полицияға қөпқабатты үйдің шатырынан секіргелі жатқан масаң күйдегі ер азамат туралы хабарлаған.
Оқиға орнына бірнеше минут ішінде учаскелік инспекторлар жетіп, шатырға көтеріліп, ер адамды құтқару үшін барын салды. Тәртіп сақшылары оның қолынан ұстап, қауіпсіз жерге шығарып алды.
Қазір суицид жасамақ болған адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Көп оқылған
19.08.2026, 11:54
ШҚО-да экс-сүйіктісін үш ай бойы аңдып, күні-түні маза бермеген ер адам ақыры сотталып тынды
19.08.2026, 09:13
Қарағанды облысында мас күйінде көлік жүргізгендер 5 жылға дейін сотталуы мүмкін (ВИДЕО)