Жамбыл және Қарағанды облыстарында ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізіледі
Жолды 31 желтоқсан сағат 03:00-де ашу жоспарланған
Жамбыл облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «»ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қөызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2024 жылғы 30 желтоқсан сағат 22:30-да Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты Екатеринбург-Алматы автожолының 2005-2214 шақырым аралығында (Алматы облысының шекарасынан Қарағанды облысының шекарасына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қою жоспарланған», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 2024 жылғы 30 желтоқсан сағат 22:30-да Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1993-2005 шақырым аралығында (Сарышаған ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қою жоспарланған.
Жолдарды 2024 жылғы 31 желтоқсан сағат 03:00-де ашу жоспарланған.