30.12.2024, 08:09
Жаңалықтар
2024 жылдың ең табысты спортшылары анықталды
Рейтингтің көшін Португалия құрамасының және «Аль-Наср» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду бастады
Фото: ©x.com/AlNassrFC
Metaratings 2024 жылдың ең бай спортшыларының рейтингін жариялады. Спорт әлемінде ең жоғары табысқа қол жеткізгендер арасында танымал футболшылар, боксшылар, гольф ойыншылары және баскетбол жұлдыздары бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sport+ сайтына сілтеме жасап.
Рейтингтің көшін Португалия құрамасының және «Аль-Наср» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду бастады. Оның биылғы табысы 300 миллион доллардан асты.
2024 жылдың ең бай спортшыларының алғашқы ондығы:
- Криштиану Роналду (футбол) — 300+ млн доллар.
- Джон Рам (гольф) — 218 млн доллар.
- Тайсон Фьюри (бокс) — 185 млн доллар.
- Александр Усик (бокс) — 159 млн доллар.
- Лионель Месси (футбол) — 135 млн доллар.
- Леброн Джеймс (баскетбол) — 128 млн доллар.
- Килиан Мбаппе (футбол) — 110 млн доллар.
- Яннис Адетокунбо (баскетбол) — 111 млн доллар.
- Неймар (футбол) — 108 млн доллар.
- Карим Бензема (футбол) — 106 млн доллар.
Бұл тізім спортшылардың тек ойын алаңындағы ғана емес, сондай-ақ жарнама және коммерциялық жобалардағы табыстылығын да көрсетеді.
Көп оқылған
23.02.2026, 15:59
Үйіне алдап шақырған: БҚО-да ер адам кәмелеткен толмаған қыз баланы зорлады деген күдікке ілінді
23.02.2026, 12:49
Қымызды көп ішіп қойыпты: Павлодарда Жеке сот орындаушылары палатасының басшысы ұсталды
23.02.2026, 17:10
Олимпиада - 2026: көш басында тұрған АҚШ пен Норвегия өз спортшыларына бюджеттен қаражат бөле ме
23.02.2026, 13:59
Астана маңынан 2035 жылға дейін жер телімін беруге тыйым салынуы мүмкін