Ла-Манш бұғазында Ұлыбританияға бет алған мигранттар қаза тапты
Франция билігі өткен жылы Ұлыбританияға жетуге тырысқан ондаған мигранттың қаза тапқанын мәлімдеді
Ла-Манш бұғазында Францияның әскери-теңіз күштері үш адамның қаза болғанын және 50 адамның құтқарылғанын хабарлады. Адамдар француздың Кале қаласынан Ұлыбританияға шағын қайықпен өтпек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Сангатт коммунасының билігі шамамен 10 мигранттың қатты суықтан зардап шегіп судан шығарылғанын мәлімдеді. Құтқарылған босқындарға көмектесуге қайырымдылық ұйымдары қосылған.
Ла-Манш бұғазы мигранттар үшін ең танымал бағыттардың бірі болып отыр. Қазан айының басында Ұлыбритания 2024 жылдағы рекордтық тәуліктік көрсеткішті тіркеді – бір күнде 923 адам бұғаз арқылы өтті. Соңғы күндердегі қолайлы жел көптеген адамдарды жолға шығуға итермеледі. Британ билігі сәрсенбіден сенбіге дейінгі аралықта ел жағалауына 1,5 мың мигранттың жеткенін мәлімдеді.