Қызылорда және Түркістан облыстарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Аталған учаскелерде қозғалысты 30 желтоқсан сағат 08:00-де қалпына келтіру жоспарланған
Қызылорда облысында 2024 жылғы 29 желтоқсан сағат 23:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автожолының 1357-2055 шақырым аралығында (Арал қаласы мен Түркістан облысының шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі. Жолды 30 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Сондай-ақ, 29 желтоқсан сағат 23:00-де келесі жол учаскелерінде де шектеу қойылады:
- Түркістан облысында: «Самара-Шымкент» автожолының 2055-2095 шақырым аралығы (Қызылорда облысы шекарасынан Түркістан қаласына дейін).
- Ұлытау облысында: «Қызылорда-Павлодар» автожолының 216-424 шақырым аралығы (Қызылорда облысы шекарасынан Жезқазған қаласына дейін).
Аталған учаскелерде қозғалысты 30 желтоқсан сағат 08:00-де қалпына келтіру жоспарланған. Қауіпсіздік мақсатында жүргізушілерге сақтық танытып, жол жағдайы туралы ақпараттарды бақылап отыру ұсынылады.