Путин Ресей мектептеріне орыс тілін білмейтін балаларды қабылдауға тыйым салды
Сонымен қатар Ресей аумағында заңсыз жүрген адамдардың балаларына мектепке және балабақшаға баруға толық тыйым салынды
Ресей президенті Владимир Путин мигранттардың балаларын мектептерге қабылдауға шектеу қоятын заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңа заңға сәйкес, Ресей мектептеріне қабылдану үшін мигранттардың балалары орыс тілінен тест тапсыруы қажет. Бұл талап баланың негізгі білім беру бағдарламаларын игеруі үшін жеткілікті деңгейде орыс тілін білуін қамтамасыз етуге бағытталған.
«Шетел азаматтарының балалары мемлекеттік немесе муниципалдық жалпы білім беру ұйымдарына негізгі жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылданады. Бұл үшін олардың Ресей Федерациясы аумағында заңды түрде тұруын растайтын құжаты және орыс тілін игеру деңгейін тексеретін тестілеуден өткенін растайтын нәтижесі болуы шарт. Тестілеу мемлекеттік және муниципалдық ұйымдарда тегін өткізіледі», – делінген заңда.
Сондай-ақ, заңда шетелдіктердің Ресей аумағында заңсыз жүрген балаларына мектепке және балабақшаға баруға толық тыйым салынатыны айтылған.
Тестілеуді ұйымдастыру тәртібін Ресей Федерациясының Білім министрлігі бекітеді Балалардың орыс тілін меңгеру деңгейі жеткіліксіз болған жағдайда, олар мемлекеттік және муниципалдық мектептерге, коррекциялық және арнайы мектептерге, кәсіби техникалық училищелерге, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарына, үйірмелер мен секцияларға қабылданбайды.