$ 521.81  543.67  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтаудағы ұшақ апаты: Қаза тапқан ұшқыштың қызы жүрек тебірентерлік жазба жариялады

Соынмен қатар апаттан аман қалған бортсерік әлеуметтік желі қолданушыларынан видео салмауды сұрады

Ақтаудағы ұшақ апаты: Қаза тапқан ұшқыштың қызы жүрек тебірентерлік жазба жариялады
Фото: minval.az

Ақтаудағы әуе апатынан қаза тапқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшқышы Игорь Кшнякиннің қызы әкесіне арнап жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy minval.az-ға сілтеме жасап.

«Әкем – менің қаһарманым»

Қайтыс болған ұшқыштың қызы әлеуметтік желідегі парақшасында әкесі туралы естеліктерін жазды.

«Әке, сен менің қаһарманымсың, әрдайым жүрегімде қаласың. Ондаған адамның өмірін құтқару үшін бар күшіңді салдың, өз өміріңді құрбан еттің. Сен сияқты әкем болғанына әрдайым мақтанамын. Өте көңілді едің, бізді бақытты ету үшін барлығын жасайтын едің. Ең керемет әке! Жаның жәннатта болатынына сенемін», – деп жазды ол.

Бортсеріктің өтініші

Апаттан аман қалған бортсерік Айдан Рагимли әлеуметтік желі қолданушыларынан бейнероликтер жасамауды сұрады.

«Өтінемін, менің бейнемді музыка қосып монтаждамаңыздар және әлеуметтік желіде таратпаңыздар. Мен актриса емеспін, бортсерікпін, менің жараларым сырт көзге көрінгеннен әлдеқайда терең…», – деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары