$ 521.81  543.67  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында 10-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады

Жамбыл облысында 10-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Жамбыл облысына қарасты Көкбастау ауылындағы Амангелді орта мектебінің 10-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 15 жасар бала толық емес отбасындағы алты баланың бірі. Ауылдастарының айтуынша, оның әкесі 4 жыл бұрын ұзақ ауырып, қайтыс болған.

«Балаларды анасы бір өзі  тәрбиеледі. Ол отбасы туралы бәрі оң пікір айтады, балалары да өте тәрбиелі. Суицид жасауға ешқандай бейімі жоқ», - делінген Halyqstan Telegram арнасының хабарламасында.

Ал оқушының мұндай қадамға неліктен барғанын полиция анықтайды. Қазір құқық қорғау органдары өз-өзіне қол жұмсау туралы бап бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Оқиға орнында жедел тергеу тобы, прокуратура, Білім басқармасының қызметкерлері, психологтар және Жамбыл облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ведомство тергеудің толықтығына, объективтілігіне және жан-жақтылығына бағытталған барлық қажетті жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

Серіктес жаңалықтары