Атырауда балық шабақтары қырылып жатыр
Мамандар жаппай балық өлімі байқалмағанын айтады

Атырауда балық шабақтары қырылып жатыр. Қала маңындағы Сарыөзек каналында миллиондаған тұқы тұқымдас балық шабағының шоғырланғанын көруге болады. Бұлар - көктемгі өр суы кезінде көлшікте қалып қойған шабақтар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.
Екі күнде 100-ге тарта адам мен техниканың арқасында 6 млн-нан астам сазан, табан, аққайран, жайын мен қаракөз шабағы Жайық өзеніне жіберілді. Мамандар жаппай балық өлімі байқалған жоқ деп отыр. Жалпы маусым айынан бастап облыс аумағындағы су айдындарынан 95 миллионға жуық шабақ құтқарылған.
«Жалпы бұл жұмыстар мұз қатқанша жүргізіледі. Келешек мұз ерігеннен кейін жандандырадады. Өздеріңіз көріп тұрғандай шабақ өте көп. Мүмкіндігінше, сол шабақтарды қай жерден анықталады, сол жерден құтқару жұмыстарын жүргізуге тырысып жатырмыз», - деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Артур Сәдібекұлы.