$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтаудағы ұшақ апаты: дәрігер зардап шеккендерге қалай көмектескендерін айтып берді

Олар зардап шеккендерге шұғыл түрде көмек көрсеткен

Ақтаудағы ұшақ апаты: дәрігер зардап шеккендерге қалай көмектескендерін айтып берді
Фото: t.me/qr_tjm

ТЖМ Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмек көрсеткен дәрігерлердің жұмысы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына алғаш келгендердің қатарында Апаттар медицинасы орталығы филиалының дәрігері Оспан Оразбеков болды. Ол әріптестерімен бірге зардап шеккендерге шұғыл түрде көмек көрсете бастады.

«Шақырту орнына келгенде ең алғаш көргеніміз – ұшақтың артқы бөлігінде науқастардың жатқандығы болды. Біз бірінші болып қауіпсіздік белдігіне ілініп тұрған, басы төмен, аяғы жоғары қарап тұрған адамды құтқаруға кірістік. Оны жүргізуші Қожабекпен бірге қауіпсіз жерге түсірдік. Барлығы 8 науқасты белдіктерінен босатып, қауіпсіз жерге шығардық. Ең басты мақсатымыз – қысылып қалған, қиналып жатқан адамдарға алғашқы көмек көрсету және уақытты тиімді пайдалану болды», – деп еске алады дәрігер.

Әр минут алтынға бағаланды, бұл құтқарушылар мен дәрігерлердің үйлесімді әрекеттері, олардың жоғары кәсібилігі адам өмірін сақтауда шешуші рөл атқарды.

Серіктес жаңалықтары