$ 525.11  546.74  4.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеу ісі: жәбірленушіні есірткі тұтынуға көндірген адам 8 жылға сотталды

Сотталушы жәбірленушінінің кәмелет жасына толмағанын білген

Оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеу ісі: жәбірленушіні есірткі тұтынуға көндірген адам 8 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

Қызылордада оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеу ісі бойынша тағы бір айыпталушыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сотталушы Н.-ға қатысты кәмелетке толмағанды психотроптық заттарды тұтынуға көндіру фактісі бойынша қылмыстық іс Қызылорда қаласының № 2 сотында қаралды.

Іс жабық сот отырысында ҚР Қылмыстық кодексінің 299-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша жүргізілді.

Сотталушы жәбірленушінінің кәмелет жасына толмағанын білген. Соған қарамастан оны бірнеше рет психотроптық заттарды тұтынуға көндiрген.

«Сотталушының кінәсі оқиға орнын қарап-тексеру және беттестіру жүргізу хаттамаларымен, жәбірленушінің жауаптарымен дәлелденді. Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің өкілі сотталушыға кешірім беретінін, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындау жөнінде ойын білдірді. Қорғаушы тарап ҚР Қылмыстық кодексінің 299-бабының 1-бөлігіне қайта дәрежелеп, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Аталған баптың санкциясы 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Іс бойынша жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмаған. Сот үкімімен сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 299-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген сот хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары