26.12.2024, 20:17
Жаңалықтар
Ұшақ апатынан қаза тапқан 10 адамның жеке басы анықталды – ТЖМ
Денелерді идентификациялау жұмыстары жалғасуда
Фото: t.me/qr_tjm
Ұшақ апатынан қаза тапқан 38 адамның 10-ы анықталды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қаза тапқан 38 адамның 10-ы анықталды: 3 Қазақстан азаматы, 3 Ресей және 4 Әзербайжан азаматы. Денелерді идентификациялау жұмыстары жалғасуда. 20 зардап шеккен адам емдеу мекемелерінде жатыр. Ауруханаға жатқызылған барлық 29 зардап шеккен адам анықталды», - делінген ТЖМ хабарламасында.
14 зардап шеккен адаммен Әзербайжан делегациясының 2 бортының ұшуы жоспарлануда.
Айта кетейік, оқиға орнында ҚР ТЖМ, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының, полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамынан 235 адам, 98 бірлік техника, 2 кинологиялық есептоп жұмылдырылды.
Көп оқылған
23.09.2026, 09:43
Талдықорғанда 40-тан асқан әйел іш киіммен тікелей эфирге шығып, боғауыз сөздер айтқан (ВИДЕО)
23.09.2026, 11:50
«Байыпсыз блогер мен кереғар коучке еліктейді»: депутат жастарға білім-ғылымды насихаттау мәселесін көтерді
23.09.2026, 15:33
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.09.2026, 16:38
Қазақстанда доллар бағамы 445 теңгеге дейін түсіп қалды