$ 521.81  543.67  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жолы болғыш Санжар: екі банктің ұтысында бір адам жеңімпаз атанған

Ол екі банктен жалпы сомасы 3,5 млн теңге жеңіп алған

Жолы болғыш Санжар: екі банктің ұтысында бір адам жеңімпаз атанған
Фото: видеодан скриншот

Қазақстандағы «Береке» және «Банкцентркредит» банктерінің ұтыс ойындарында бір клиент жеңімпаз атанған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Береке» банкі клиенттері арасында 1 млн теңге ойнатса, «Банкцентркредит» 2,5 млн теңгенің кез келген бағыттағы саяхатын ұтысқа салған. Әлеуметтік желіде банк оқырмандары бұл әрекетті сыбайластыққа балап, жалған ұтыс ойнатқаны үшін оларды сөккен.

«Ашықтан ашық өтірік айтып отырсыздар. Сіздерге деген сенім жоғалды. Сіздер біз білмей қалады деп ойлайсыздар ма? Тек блогерлер ғана осылай алдайды деп ойлайтын едік», - деп жазған желі қолданушылары.

Ал банк өкілдері бұл ұтыстар шынайы өткенін айтты. Екі ұтыста да жеңімпазды рандомдық сан арқылы таңдаған.

 «Сәттілік кейде күтпеген жерден болады. Біздің банктің клиенті бізден ғана емес, басқа банктен де ұтыс ұтып алғанына қуаныштымыз. Ұтыс акция шарттарын орындаған барлық клиент арасында конкурстық негізде өткізілді. Нәтижелер әділ және кездейсоқ түрде анықталды», - дейді «Береке» банк менеджері Санат.

Ал Санжар Даулетов қазақстандық IT компаниясында қаржы директоры болып қызмет етеді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#банктер #ұтыс