Қазақстанда футбол клубтарын қаржыландыру 2,2 млрд теңгеге қысқаратын болды
Елімізде спорттық іс-шараларға 1,3 млрд теңге негізсіз жұмсалған
Бұқаралық және кәсіби спортты қаржыландырудағы диспропорция жойылды. Мысалы, егер 2023 жылы бұқаралық спортқа 35 млрд теңге, ал кәсіби спортқа 340 млрд теңге бөлінсе, биыл 195,4 млрд және 185,5 млрд сәйкесінше бөлінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Антикор мәліметінше, жалған спорттық іс-шараларға және жалақыларға негізсіз үстемақыға жұмсалған 1,3 млрд теңге бюджетке өтелді.
Футбол клубтарын қаржыландыру 2,2 млрд теңгеге қысқартылды. Мысалы, Түркістан облысы 1 млрд, Ақмола облысы 390 млн, Қостанай облысы 350 млн, Павлодар облысы 300 млн, Жетісу облысы 146,2 млн теңгеге;
«Кәсіби спортты қаржыландру 4,6 млрд теңгеге төмендетілді (12,1-ден 7,5 млрд-қа). Мәселен, Шымкент қаласы 4,2 млрд, Ақмола облысы 242 млн, Түркістан облысы 86 млн, Павлодар облысы 58,5 млн, Абай облысы 38 млн, Шығыс Қазақстан облысы 2 млн.
Тиімсіз басқарудан 8 спорт нысаны қайтарылды. Мысалы, Алматы қаласы – 2 («Халық Арена», «Алматы Арена»); Атырау облысы – 2 («Мұз сарайы», «Орталық бассейн»); Батыс Қазақстан облысы – 3 («Ақжайық» ФК ғимараты мен стадионы, қысқы спорт түрлері бойынша БЖСМ); Қостанай облысы – 1 (Мұз сарайы)», - делінген хабарламада.