Катар COVID-19-бен күресу үшін медициналық қорғаныс құралдарын жіберді
Көмек Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танидің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды
Бүгін «Qatar Airways» әуекомпаниясының арнайы рейсімен Дохадан Нұр-Сұлтанға жалпы салмағы 8.5 тонна құрайтын гуманитарлық жүк жеткізілді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.
«Оның ішінде жеке қорғану құралдары бар - жоғары сапалы N95 респираторлы медициналық маска, арнайы киім, қолғап, көзілдірік, халат және өзге де медициналық құралдар»,- делінген хабарламада.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Катар тарапына гуманитарлық көмек үшін алғысын білдіреді.
«Қатардың бұл игі әрекеті екі мемлекет арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастың, сондай-ақ пандемияға қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық күш-жігердегі ынтымақтастықтың көрінісі»,- делінген СІМ хабарламасында.
Гуманитарлық жүк медициналық мекемелер арасында одан әрі тарату үшін «СҚ-Фармация» ЖШС-на табысталады.