$ 526.81  542.72  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Вайнер Мейіржан Төребаев халықтан алған 814 млн теңгені қайтармай, бостандыққа шықпақ болды

Сот оның өтінішінен бас тартты

Вайнер Мейіржан Төребаев халықтан алған 814 млн теңгені қайтармай, бостандыққа шықпақ болды
Фото: instagram.com/meirzhach_tv

Алматы соты вайнер Мейіржан Төребаевтың жазасын өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңілірек жазамен ауыстыру туралы өтініші бойынша шешім шығарды. Вайнер қаржы пирамидасын құрып, оны басқарғаны үшін бес жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы сотының мәліметінше, Төребаевқа қатысты азаматтық талаптың жалпы сомасы 814 120 806 теңге, мемлекеттік баж түріндегі сот шығындары – 8 060 602 теңге.

Төребаев жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыруды сұрады.

«Сот талқылауы барысында сотталғандарға жазаны неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы өтініш хатты қанағаттандырудың негізгі критерийлерінің бірі болып саналатын келтірілген залалдың өтелмегені анықталды», - деп түсіндірді сот.

Нәтижесінде, Төребаевқа жазасын жеңілдетуден бас тартылды. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, 2023 жылдың маусымында Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын басқарғаны үшін әрқайсысы бес жылға бас бостандығынан айырылған. Қазан айында вайнерлердің Алматы колониясына ауыстырылғаны хабарланды.

17 желтоқсанда сотталушылардың шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрап, үкімді өзгерту туралы сотқа жүгінгені белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары