25.12.2024, 02:00
Жаңалықтар
Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды
Ер адам өз Отанында қылмыс жасағаннан кейін жасырынған
Фото: depositphotos.com
Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды. Шетелдік аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Заңсыз такси жүргізуші» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында жалдамалы пәтерлерінің бірінде аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматы ұсталды.
Ер адам өз Отанында қылмыс жасағаннан кейін жасырынған.
«Ұсталған адам Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр», - деді департаментте.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды