24.12.2024, 22:54
Жаңалықтар
Қазақстандық ауыр атлет Денис Полубояринов Азия чемпионатында алтын медаль еншіледі
Қос сайыста спортшы жалпы 366 келіні еңсерді
Фото: olympic.kz
Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Дохада (Қатар) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Денис Полубояринов 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.
Қос сайыста спортшы жалпы 366 (161+205) келіні еңсерді.
Екінші орынды ирандық Сепах Амирхосейн 349 (162+187) келімен иеленсе, үздік үштікті оның отандасы Эсфандиари Мохаммад 334 (152+182) келімен қорытындылады.
Айта кетейік, бұған дейін Ақжол Кұрманбек екі әлем рекордын жаңартып, Азия чемпионатында топ жарған еді.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды