23.12.2024, 20:19
Жаңалықтар
Алматыда құбыр жарылып, бірнеше аудан жылусыз қалды
Жылу желісі түнгі 1.00-ге дейін қалпына келтіріледі
Бейнеден кадр
Алматыда 1984 жылы пайдалануға берілген құбырдың жарылуына байланысты бірнеше аудан жылусыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Апат 23 желтоқсанда Медеу ауданында Назарбаев даңғылындағы жылу магистралінде болды. «Алматы жылу желілері» ЖШС апаттық қызметінің мәліметінше, құбырдың тозуына байланысты оған зақым келген.
Компанияның баспасөз қызметінде Сәтбаев-Достық, Тайманов көшелерінің, сондай-ақ Самал 1, 2, 3 шағын аудандарының аумағындағы тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау шектелгені туралы хабарланды.
«Зақымдануды жедел жою бойынша «АЛТС» ЖШС жөндеу-құрылыс қызметі жұмыс істейді, жылумен жабдықтау 24 желтоқсан күнгі сағат 01:00 - ге дейін қалпына келтіріледі», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды