23.12.2024, 17:29
Жаңалықтар
Лукашенко президент сайлауына тағы да түсетін болды
Президенттікке кандидаттар анықталды
Фото: president.gov.by
Бүгін Минскіде Беларусь Республикасының Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отырыста Беларусь Республикасының президенттігіне кандидаттарды тіркеу туралы шешім қабылданды:
- Гайдукевич Олег Сергеевич;
- Канопацкая Анна Анатольевна;
- Лукашенко Александр Григорьевич;
- Сыранков Сергей Александрович;
- Хижняк Александр Николаевич.
Естеріңізге сала кетейік, Беларусь президентін сайлау 2025 жылдың 26 қаңтарына жоспарланып отыр.
Айта кетерлігі, Александр Лукашенко Беларусь президенті лауазымында 1994 жылдың 20 шілдесінен бері отыр. Осы аралықта ол алты мәрте президент сайлауына түсіп, бәрінде жеңіске жеткен.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы