$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында заңсыз тұрмыстық химия өндіріп келген жерасты цехы анықталды

Құқық иесіне келтірілген залал 3 миллион теңгеден асады

Түркістан облысында заңсыз тұрмыстық химия өндіріп келген жерасты цехы анықталды
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Түркістан облысы аумағында заңсыз тұрмыстық химия өндірісімен айналысқан жерасты цехы анықталды. Бұл туралы облыстық Әділет департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жоспардан тыс тексеру барысында Келес ауданында жеке кәсіпкердің «Белизна» тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны анықталды. Зияткерлік меншік құқықтарын өрескел бұза отырып дайындалған 1500 данадан астам жалған өнім (жуу және дезинфекциялау құралдары) тәркіленді. Құқық иесіне келтірілген залал 3 миллион теңгеден асады.

«Жалған жуғыш заттар өнімі қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмейтін арзан және сапасыз компоненттерден жасалған. Мұндай өнімдерде терінің тітіркенуін, аллергиялық реакцияларды, тыныс алу жолдарының ауруларын, тіпті улануды тудыратын улы заттар мен аллергендер болуы мүмкін. Заңсыз жерасты бизнесі өкілдері көлемі 800 шаршы метрден асатын үй-жайда жаппай заңсыз өндіріс пен өнімді буып-түюді жүзеге асырып, оны Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің көтерме сауда базарларына жеткізіп отырған. Заңсыз өнімдер бағаның төмендігіне байланысты тез сұранысқа ие болған», - делінген Түркістан облысы Әділет департаментінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта кінәліні жауапқа тарту мәселесі қарастырылуда. Іс материалдары Түркістан облысы Әділет департаментінің қарауында.

«Әділет органдары Азаматтар мен заңды бизнестің мүддесі үшін зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуын анықтау және қорғау жөніндегі жұмыстарын жалғастырады. Заңды бизнесті қолдау өндірушілердің құқықтарын қорғап қана қоймай, тұтынушыларға қауіпсіз және сапалы тауарларға кепілдік береді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары