$ 530.12  546.08  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды – Астана тасжолында жүргізуші жүздеген килограмм есірткі тасымалдаған

Көлік ішінде 38 жастағы жүргізуші мен оның жолаушысы болған

Қарағанды – Астана тасжолында жүргізуші жүздеген килограмм есірткі тасымалдаған
Фото: Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері Жамбыл облысының екі тұрғынын ірі көлемдегі есірткі заттарын тасымалдау кезінде ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Полиция Қарағанды – Астана тасжолында Audi A6 автокөлігін тоқтатып, оны тексеру барысында көліктің артқы орындығы мен жүксалғышынан өсімдік тектес заттар салынған 13 қап анықтады. Сараптама нәтижесінде бұл заттардың жалпы салмағы 266 килограмнан асатын кептірілген марихуана екені белгілі болды», — деп жазылған хабарламада.

Көлік ішінде 38 жастағы жүргізуші мен оның жолаушысы болған. Екеуі де Жамбыл облысының тұрғындары. Екеуіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот оларды қамауға алу туралы шешім шығарды.

«Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 446 килограмнан астам есірткі заттары тәркіленген. Олардың ішінде 180 килограмм марихуана, 100 килограмм гашиш және 12 килограмм синтетикалық есірткі бар», — деп жазылған хабарламада.

Есірткі саудасына қатысты 130-дан астам адам ұсталған, олардың ішінде 11 кәмелетке толмаған жасөспірім мен 12 әйел бар.

Серіктес жаңалықтары