21.12.2024, 20:48
Жаңалықтар
Жетісу облысында есірткі зертханасы жойылды
Шетелдіктер мен олардың астаналық сыбайласы қамауға алынды
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Жетісу облысының Ескелді ауданында полиция прокуратура және ҰҚКД-мен бірлесіп синтетикалық есірткі шығаратын жасырын зертхананы жойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ІІМ мәліметінше, екі шетелдік өз «қамқоршысының» тапсырмасымен заңсыз өндіріс ұйымдастыру үшін Қазақстанға келген.
«Тінту барысында есірткі дайындайтын жабдықтар, 6,4 келіден астам мефедрон және әрі қарайғы өндіріс үшін прекурсорлардың қалдықтары бар 200 литрлік реактор табылды», - делінген хабарламада.
Шетелдіктер мен олардың астаналық сыбайласы қамауға алынды. Қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтау шаралары жалғасуда.
Көп оқылған
15.09.2026, 12:44
Астанада тікелей эфирде лас сөздер айтып, күлдіргіш газ қолданған әйел адамға қандай жаза қолданылды
15.09.2026, 20:45
Ерке Есмахан жүктілігіне қатысты сыбысқа жауап берді
15.09.2026, 08:55
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы: солтүстікте – жаңбыр, оңтүстікте – 33 градус ыстық
15.09.2026, 11:49
Күйеуі ата-анасын, бауырларын қырып салған: жындыханадан шыққан Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қауышты (ВИДЕО)