$ 540.05  629.16  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда азық-түлікті қай жерден қолжетімді бағаға алуға болады?

Әртүрлі қалаларда 20-дан астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Қазақстанда азық-түлікті қай жерден қолжетімді бағаға алуға болады?
Фото: © istockphoto.com

Қазақстанның әртүрлі қалаларында осы демалыс күндері 20-дан астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Жәрмеңкелерде тұрғындарға көкөністер, жеміс-жидектер, ет және ет өнімдері, сүт өнімдері және басқа да тауарлар нарықтық бағадан төмен бағамен ұсынылады.

Жәрмеңкелер өтетін мекенжайлар:

Астана

  • 21-22 желтоқсан:

«СоғымFest» жәрмеңкесі, мекенжайы: Н.Тілендиев көшесі, 12а.

Алматы

21-22 желтоқсан:

  • Гоголь-Масанчи қиылысы (Алмалы ауданы);
  • «Қазақфильм» ықшам ауданы (Бостандық ауданы);
  • Абай-Өтеген батыр қиылысы (Әуезов ауданы);
  • Мендіқұлов-Бектұров көшелері (Медеу ауданы).

Шымкент

  • 22 желтоқсан

Нұрсат ықшам ауданы, 7/1.

Өскемен

  • Әр сенбі сайын:

Жібек Жолы көшесі, 474 («Алтай» базары аумағында).

Орал

  • 22 желтоқсан:

Зачаганск елді мекені, Жәңгір хан көшесі, 52Б.

Петропавл

  • Әр сенбі сайын:

«Алтын Арман», «Дария», «Қызыл Жар-Ақбастау» базарларында.

Түркістан

  • Әр сенбі және жексенбі:

«Қуаныш», «Алтынбұлақ» базарларында.

Атырау

  • Әр сенбі, желтоқсанның соңына дейін:

Мұнайшы стадионының алдында, Әуезов көшесі, 28А.

Серіктес жаңалықтары