20.12.2024, 11:48
Жаңалықтар
Теміртауда ер адам пәтерімен бірге өртеніп кетті
Қызыл жалын бесінші қабаттағы пәтерді шарпыған
Фото: Қарағанды облысы ТЖД
Теміртауда 19 желтоқсан күні бесінші қабаттағы пәтер өртенді. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан ес-түссіз жатқан адамды шығарып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт 19 желтоқсанда Теміртаудағы Абай көшесіндегі бес қабатты ғимаратта болған. Бесінші қабаттағы пәтерде үй заттары мен жиһаздар өртенген. Оқиға орнына құтқарушылар келіп, жанып жатқан пәтерден 62 жастағы үй иесін тапты.
Ер адам ес-түссіз жатыр, үстінде күйік іздері бар. Өрт сөндірушілер көшеге шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Алайда дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтады.
ТЖД қызметкерлері жанып жатқан үйден газ баллонын шығарып үлгерді және көрші пәтердің тұрғындарын эвакуациялады.
Өрт абайсызда темекі шегуден болған.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 09:44
«Қара көзілдірік тағып алған»: Астанада ер адам мектепте оқитын қыз баланы үйіне дейін аңдыған
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады