$ 523.86  544.34  5.11
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Соңғы бес жылда әйелдерге қатысты қылмыстар саны екі есеге азайды - Үкімет

Жыл басынан бері полицияға зорлық-зомбылық жағдайлары туралы 100 мыңға жуық хабарлама түскен

Соңғы бес жылда әйелдерге қатысты қылмыстар саны екі есеге азайды - Үкімет
Фото: freepik.com

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйелдер құқығын қорғау шаралары күшейтілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылы ішкі істер органдарына отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайлары туралы 100 мыңға жуық хабарлама келіп түсті. ІІМ 72 мың шектейтін қорғаныс ұйғарымдарын берді.

Елімізде зардап шеккен әйелдер мен балаларға көмек көрсететін 69 дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері осындай орталықтарға 5,5 мың әйел жүгінді, оның 3,7 мыңы балалы әйел.

«Жүйелі жұмыс қазірдің өзінде нәтиже беруде. Соңғы бес жылда әйелдерге қатысты қылмыстар саны екі есеге қысқарды, оның ішінде зорлық-зомбылық қылмыстары 37,9%-ға, кісі өлтіру – 49,3%-ға, ауыр дене жарақатын келтіру – 8,7%-ға азайған. Бұл зардап шеккендерді қорғауға және қолдауға бағытталған кешенді шаралардың тиімділігін айғақтайды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары