Бүгін еліміздің басым бөлігінде боран, көктайғақ, және қатты жел күтіледі
Елордада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал
Бүгін еліміздің көптеген өңірлерінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Таулы аймақтарда қалың қар жауып, бұрқасын күтілсе, жазық өңірлерде көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 20-28 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында жауын-шашын аралас жаңбыр мен қар жауып, желдің екпіні артуы ықтимал. Абай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында да қарлы боран мен көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы облысы
Таңертең және күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар, жаяу бүрқасын күтіледі.Областың басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, областың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 20 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі. Қонаев қ.: 20 желтоқсанда жел оңтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысы
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 20 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысы
Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда көктайғақ, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с. Шымкент қ.: 20 желтоқсанда түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 20 желтоқсанда кей уақыттарда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысы
Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 20 желтоқсанда кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Атырау облысы
Түнде Атырау облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 20 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 20 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысы
Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 20 желтоқсанда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Астана
Астана қ.: 20 желтоқсанда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысы
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 20 желтоқсан түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қарағанды облысы
Күндіз Қарағанды облысының батысында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Қарағанды қ.: 20 желтоқсанда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысы
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысында қар, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 20 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Абай облысы
Таңертең және күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, облыстың орталығында екпіні 23 м/с.
Ақтөбе облысы
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
Күннің екінші жартысында Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.
Ұлытау облысы
Ұлытау облысының шығысында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 20 желтоқсанда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысы
Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарда қатты қар күтіледі. Түнде облыстың батыс бөлігінде, күндіз таулы аудандарда жаяу бұрқасын. Күндіз көктайғақ күтіледі. Талдықорған қ.: 20 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі.