$ 523.86  544.34  5.11
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

QyzPU-да отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алуға байланысты іс-шара өтті

Конференция халықаралық тәжірибе алмасу мен қауіпсіз орта құруға бағытталған

QyzPU-да отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алуға байланысты іс-шара өтті
Видеодан алынған кадр

QyzPU-да «Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы заманауи психологиялық көзқарастар: теория және тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Конференцияға зерттеуші ғалымдар, колледждер мен жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, колледждер мен білім беру мекемелерінің басшылары мен мамандары, психологиялық-педагогикалық қолдау орталықтарының қызметкерлері, докторанттар, магистранттар, студенттер және жас ғалымдар қатысты.

Маңызы жоғары іс-шараны QyzPU Басқарма Төрағасы — Ректоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Гүлмира Қанай ашты.

Конференция тақырыбының өзектілігін айта отырып, ректор биылғы жылы 50 жылдық мерейтойын атап өтетін психология кафедрасының осы іс-шараны университет қабырғасында өткізуінің ерекше маңызы бар екенін атап өтті.

«Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда қазақстандық және шетелдік белгілі психологтар, ғалымдар, сарапшылар, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысып, отбасылық зорлық-зомбылықтың өзекті мәселелерін, оның себептері мен салдарларын, алдын-алудың әдістерін талқылады. Бұл шара отбасылық зорлық-зомбылық мәселесін теориялық тұрғыдан талқылап, оны шешудің заманауи әдістерін тәжірибелік деңгейде қарастыруға бағытталды», - делінген хабарламада.

Конференция халықаралық тәжірибе алмасу мен қауіпсіз орта құруға, өзара қатынастардың жоғары мәдени деңгейі мен психологиялық аман-саулықты қалыптастыруға бағытталған бірлескен бастамаларды әзірлеу үшін маңызды платформа болды.

Оның қорытындысында — отбасылық амандықты нығайтуға, дағдарыстық жағдайлардың алдын алуға және сапалы психологиялық көмек жүйесін дамытуға бағытталған ұсыныстар айтылды.

Серіктес жаңалықтары