19.12.2024, 22:05
Жаңалықтар
Абай облысында өз танысын 12 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Полицияға 45 жастағы кәсіпкер жүгініп, алаяқтықтың құрбаны болғанын айтты. Оның сөзінше, 2016 жылдың сәуір айында 59 жастағы танысы сеніміне кіріп, кәсіпкерлік қызметті бірге жүргізу туралы сылтаумен 12 миллион теңге көлеміндегі ірі соманы иемденген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Күдікті өз кінәсін мойындады, бірақ ұрланған ақшаның сол уақытқа дейін жұмсалып кеткені анықталды.
«Полицейлер барлық қажетті дәлелдерді жинап, қаскөйді қолға түсіріп, уақытша ұстау изоляторына қамады. Аталған дерек бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасау фактісімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
31.08.2026, 13:20
Әткеншекке таласып, бір-бірін ұрып жыққан: Астанада екі әйелді полиция ұстады (ВИДЕО)
31.08.2026, 18:27
Ақмола облысында ер адам қымыз ішемін деп бір жылға сотталып кетті
31.08.2026, 12:56
«Президенттің атынан өкілдік етіп, ұстанымын жеткізе алады»: Ерлан Қариннің негізгі міндеті белгілі болды
31.08.2026, 19:30
АҚШ араға бір ай салып, Иранға қайтадан соққы жасады
31.08.2026, 23:24
Астанада әйелдер балалар алаңында төбелесті: қылмыстық іс қозғалды