Рудный ЖЭО-дағы қазандықтардың жай-күйі қандай
№5 су жылыту қазандығын күрделі жөндеу аяқталуға жақын

Қостанай облысында 1961 жылы іске қосылған Рудный ЖЭО өңірдегі энергетикалық инфрақұрылымның маңызды элементі болып қалып отыр. Бүгінгі таңда 4 бу қазандығы мен 6 турбина пайдаланылуда, қосымша 5 су жылыту қазандығы ең жоғары режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Үкіметтің баспасөз қызметін сілтеме жасап.
Стансаны 2024-2025 жылдарға жылыту кезеңіне дайындау жоспарына сәйкес бу қазандықтарына үш ағымдағы және бір күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ №5 су жылыту қазандығын күрделі жөндеу аяқталуға жақын.
«Жөндеу науқаны барысында №1 турбогенераторға күрделі жөндеу жүргізілді және пайдалану мерзімі өтіп кеткен №2 турбинаны жаңартудың бірінші кезеңі орындалды. Аталған жобаның аяқталу мерзімі – 2025 жыл. Сондай-ақ бұрын пайдаланудан шығарылған "№1 бу қазандығының құрылысы" үлкен жобасы іске асырылуда. Аяқталу мерзімі – 2025 жылдың желтоқсаны», — деді кәсіпорын директоры Василий Новоселов.