19.12.2024, 20:02
Жаңалықтар
СҚО-да сот төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде
Фото: istockphoto.com
Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы пара алды деген күдікпен қылмыс үстінде ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоғарғы соттың мәліметінше, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Сот әкімшілігінің Петропавл қаласы бойынша Ішкі қауіпсіздік бөлімі бірлескен арнайы іс-шара ұйымдастырған. Нәтижесінде, сот төрағасы 15 мың АҚШ доллары сомасында ірі көлемде пара алу кезінде қолға түсті. Бұл қаражат сот ісінде мүдделі тұлғаның пайдасына оң шешім шығару үшін алынған болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді