Анасын балағаттаған петропавлдық 10 тәулікке қамауға алынды
Ер адам анасымен мас күйінде жанжалдасқан

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер отбасында жанжал шығаруды әдетке айналдырған азаматты жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.
48 жастағы петропавлдық өзінің анасын балағаттағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды. Бұған дейін ол осыған ұқсас құқық бұзушылық жасаған. Оған қатысты қорғау ұйғарымы шығарылып, 30 күн ішінде анасына қатысты қасақана заңға қайшы әрекеттер жасауға, оның ішінде физикалық немесе психологиялық азап келтіретін әрекеттерге тыйым салынған болатын.
Алайда бұл ескертулер нәтиже бермеді. Бірнеше күн өткен соң ер адам мас күйінде анасымен тағы да ауызша жанжалға түсіп, қорғау ұйғарымын бұзды. Бұл үшін заң 10 тәулікке қамау түрінде баламасыз жаза қарастырады.
Жалпы, жыл басынан бері Петропавл қаласында қорғау ұйғарымын бұзған 89 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.