18.12.2024, 20:34
Жаңалықтар
Ақтөбеліктер жоқ жиһазға 20 млн теңгеге жуық ақша төлеген
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде
Фото: freepik.com
Ақтөбе облысының тұрғындары кәсіпкерге шағымданып, полицияға жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Диапазон сайтына сілтеме жасап.
Жәбірленушілердің айтуынша, жаздың басында кәсіпкер Ресейден жиһаз әкелуге уәде берген. Алайда, анықталғандай, күдікті жиһазға тапсырыс та бермей, шамамен 20 млн теңгені өз қажетіне жұмсаған.
Полицияның мәліметінше, күдікті барлығы 20 азаматтың ақшасын иемденген. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды