Түркістанды көріп жатқан туристердің жартысынан көбі Өзбекстаннан келеді – Тәжібаев
Әкімнің орынбасары Түркістанды көркейтудің жолдарын атады
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Түркістан облысына келетін туристер санын 2 млн адамға жеткізу көзделгенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түркістан облысы әкімдігі 2030 жылға дейін қалаға келетін турист санын 2 млн адамға жеткізуді жоспарлап отыр.
«Биыл Түркістан қаласына 20 мыңдай шетелдік турист келсе, соның 50 пайызы Өзбекстаннан келген. Биыл сондай-ақ «Самарқанд-Түркістан» бағытында арнайы әуе рейсі жоспарланған. Бірақ бұл жоба да толық іске аспады. Мәліметтер бойынша билет алып қызығатын азаматтарды жарнамалық мазмұнда көбірек қызықтыру керек. Сондай жағдайда Самарқанд, Бұқара, Ташкент, Түркістан аумағында туристік арнайы маршруттар жүйесін қалыптастыруға болады деп санаймыз», - дейді Бейсенбай Тәжібаев.