Жазаны жеңілдету үшін 20 млн теңге пара: Ақтау қалалық сотының төрағасына қатысты тергеу аяқталды
Пара беруге итермелегендердің ісі сотқа жіберілді
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасы мен жеке сот орындаушысына қатысты тергеу ісі аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Антикор мәліметінше, оларға алаяқтық жасады және сотталушыны үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін 20 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген айып тағылып отыр.
«Осы жылдың 5 желтоқсанында Бас прокуратура айыпталушыларды сотқа берді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - делінген Антикор хабарламасында.