16.12.2024, 11:49
Жаңалықтар
Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды
Сайлаушылар тізіміндегі 12 875 азамат дауыс беруге қатысқан
Фото: © istockphoto.com
15 желтоқсанда Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласының әкімі сайлауы өтті. Сайлаушылар тізіміне 42 774 азамат енгізіліп, олардың 12 875-і дауыс беруге қатысты. Үйден дауыс бергендер саны – 24, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Талғар қаласының әкімі лауазымына үш кандидат үміткер болды. Дауыс беру қорытындысы бойынша келесі нәтижелер тіркелді:
- Арыстанбек Абилхаирұлы – 9 071 дауыс;
- Жанибек Каденов – 1 875 дауыс;
- Әлібек Рамазанов – 1 140 дауыс;
- «Барлығына қарсы» деген таңдау жасағандар саны – 182.
«Сайлау қорытындысына сәйкес, Талғар қаласының әкімі болып Арыстанбек Абилхаирұлы сайланды. Ол 1983 жылы туған, «Талғар тұрғын үй» ЖШС-нің директоры және Талғар қаласының тұрғыны», — деп жазылған хабарламада.
Көп оқылған
25.05.2026, 15:32
Ақтөбеде жаңа туған нәрестені шырылдаған қалпы пакетке салып, қоқыс жәшігіне тастап кеткен
25.05.2026, 08:26
Астанадағы балалар ауруханасының жертөлесінде өрт шықты
25.05.2026, 10:50
Қазақстанда көктемнің соңғы аптасында ауа райы қандай болады
25.05.2026, 10:00
Енді қазақстандықтар әйелі мен әке-шешесіне көлігінің ескі тіркеу нөмірін сыйға бере алады