ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Финалда қазақстандық спортшы Өзбекстан елінің өкілі Ұлықбек Рахмановпен кездесті
Индонезия астанасы Джакартада 10-14 желтоқсан аралығында ересектер арасында ММА-дан әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 66 елден 920 спортшы қатысты. Тартысты турнирде 79 келі салмақ дәрежесінде Ақтөбе облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының взвод командирі Айдын Төлепбаев бақ сынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тәртіп сақшысы Тонга, Пәкістан және Австралия спортшыларын жеңіп, үздік нәтижеге қол жеткізді. Спорттық сында ол өзінің физикалық дайындығы мен шеберлігін көрсетті.
«Финалда қазақстандық спортшы Өзбекстан елінің өкілі Ұлықбек Рахмановпен кездесті. Айдын Төлепбаев қарсыласын қапы қалдырып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті», - делінген хабарламада.