15.12.2024, 16:56
Жаңалықтар
Шымкентте 18 колледж директоры жазаланды
Жалпы 20 қызметкер тәртіптік жауапқа тартылды
Фото: gov.kz
Шымкент қаласының прокуратурасы білім басқармасының қызметінде бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратура техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу кезінде заңдылықтың сақталуын талдады.
«Тексеру барысында келесі заң бұзушылықтар анықталды: Гранттарды бөлу жөніндегі комиссия шешімі бойынша негізсіз өзгерістер енгізілген; Кейбір мамандықтарға қажетті лицензиялар болмағанына қарамастан, гранттар берілген», — деп жазылған хабарламада.
Тексеру қорытындысы бойынша 20 қызметкер тәртіптік жауапқа тартылды, олардың ішінде:
- 18 колледж директоры;
- Шымкент білім басқармасының бөлім басшысы.
Прокуратура заң бұзушылықтарды жою бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.
Көп оқылған
26.06.2026, 09:55
Павлодар облысында қалың қамыстың арасында аяғы сынып, екі күн дәрменсіз жатқан қария табылды (ВИДЕО)
26.06.2026, 16:12
«Ыстық бөлмеде қамап ұстап, ойыншық бермеген»: Тараздағы ерекше балалар орталығында дау шықты
26.06.2026, 11:06
Асхат Аймағамбетов: Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағын 100 пайыз инвестициялық компанияларға бере алады
26.06.2026, 09:44
Қазақстан азаматы 1,8 млрд теңге ұрлап, Қырғызстанға қашып кеткен