14.12.2024, 20:20
Жаңалықтар
Оралда құтқарушылар мұз үстінде қалып қойған ірі қараны аман алып шықты
Зачаганск кентінде ерекше құтқару операциясы өтті
Фото: ТЖМ
Бүгін Зачаганск кентінде мұзбен жабылған су қоймасында алты ірі қара мал мұз үстінде тұрып қалып, жағаға қайта шыға алмай қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жағдайды байқаған тұрғындар дереу құтқарушыларға хабар берген.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жедел әрекет етті. Олар арнайы құтқару арқандарын пайдалана отырып, малдарды қауіпсіз түрде жағаға шығарып алды. Құтқарушылардың кәсіби іс-әрекетінің арқасында малдар ешбір жарақатсыз құтқарылды.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 08:23
Қазақстан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде 13 медаль жеңіп алды
03.10.2026, 10:00
Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды