$ 522.49  547.88  5.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан полициясы күшейтілген режимге көшті

Адам көп жиналатын орындарда патрульдер саны артты

Қазақстан полициясы күшейтілген режимге көшті
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Тәуелсіздік күніне дайындық аясында 14 желтоқсаннан бастап Қазақстанның ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы күшейтілген қызмет көрсету режиміне көшті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтті. Қосымша шаралар ретінде адам көп жиналатын орындарда, мерекелік іс-шаралар өтетін алаңдарда және мемлекеттік қорғауға алынған нысандарда патрульдер саны артты», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар жедел басқару орталықтарында бейнебақылау жүйелері арқылы мониторинг күшейтіліп жатыр. Бұл шаралар ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.

«Ішкі істер министрлігі мерекелік іс-шаралар кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары