Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында жол қозғалысы қалпына келді
Қазақстанда 14-16 желтоқсан күндері ауа райы күрт өзгеретіні болжанған еді
Қазақстанның батысында автокөлік қозғалысы қайта жанданды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy..
«2024 жылғы 14 желтоқсанда сағат 07:30-дан бастап Батыс Қазақстан облысында Самара-Шымкент автожолының 266-526 шақырымы (Подстепное ауылы – Ақтөбе облысының шекарасы) бойынша қозғалыс қайта ашылды», — деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, дәл осы уақытта Ақтөбе облысында республикалық маңыздағы Самара-Шымкент автожолының 526-702 шақырымы (БҚО шекарасы – Маржанбұлақ ауылы) бойынша жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс қалпына келтірілді.
Қазақстанда 14-16 желтоқсан күндері ауа райы күрт өзгеретіні болжанған еді. Осыған байланысты жолда қауіпсіздік шараларын сақтау және алыс сапарларға шығуды жоспарламас бұрын жол жағдайын тексеру ұсынылады.